Тәжікстан тумасы мен оның украин әйелі Донецк облысы аумағынан шығу кезінде қаза тапты.
62 жастағы Ёдали және Татьяна Муборакшоевтар 13 сәуірде Украинаның Черниговск облысындағы Козелец қыстағында жерленді. Олар 9 сәуірде атыстан автокөлікпен қашып құтылмақ болған уақытта жол апатына ұшырады.
Донецк облысының бір бөлігіне украин әскері, ал екінші бір бөлігіне ресейшіл жікшілдер бақылау орнатқан. Батыс елдерінің мәлімдеуінше, Ресей Донецк және Лушанс облыстары аумақтарында толық бақылау орнату үшін Украинаның шығысына шабуылдауға дайындалып жатыр.
Украинаның Черниговск облысында тұратын Хамидулло есімді тәжік мигрантының айтуынша, Ёдали Муборакшоев 1994 жылдан бері Донецк облысында тұрған, Украина азаматтығын алған. Отбасында екі бала бар.
Тәжікстанның Украинадағы елшілігі де Тәжікстан азаматы мен оның әйелі қаза тапқанын растады.
Ресей әскері 24 ақпанда Украина аумағына басып кірді. Соғыс әлі жүріп жатыр. Жүздеген адам опат болды, миллиондаған адам босып кетті.
Тәжікстан билігінің хабарлауынша, Украинада тұрған 3 мыңға жуық тәжікстандық басқа елдерге өткен.
KAZAKBOL.COM