Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда 39 қырғызстандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталған

KAZAKBOL.COM

2021 жылы Тәжікстанның Соғды облысында шекарадан заңсыз өтті деп Қырғызстанның 39 азаматы ұсталған. Бұл туралы 15 ақпанда облыстық соттың төрағасы Бахтиер Окилзода мәлімдеді.

«Ұсталғандарға қарсы «Тәжікстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті» деген бабы бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзғандар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», – деп түсіндірді судья.

Сонымен бірге Бахтиер Окилзода шекарадағы жанжал бойынша сотталған қырғызстандықтар жоқ екенін айтты.

Қырғыз-тәжік шекарасының ұзындығы 970 шақырым болса, оның 519 шақырымы ғана белгіленген. Қалған даулы аймақ бойынша ортақ шешімге келе алмай жатқаны айтылып келеді.

Даулы аймақтағы жер, су үшін тұрғындар арасында жиі жанжал болып тұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM