Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжікстанда президенттің туыстары соққыға жыққан министр екі аптадан соң жұмысқа шықты

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрі Жамолиддин Абдуллозоданың суреттері министрліктің әлеуметтік желілердіндегі парақшаларында жарияланды. Екі апта бұрын оны президенттің туыстары ұрып кеткен.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 3 тамызда Жамолиддин Абдуллозоданың бірнеше суретін жариялап, министр азаматтарды қабылдады деп хабарлады. Суреттердің қашан түсірілгенін анықтау мүмкін болмай отыр.

20 шілдеде денсаулық сақтау министрін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның үш немере інісі ұрған. Озоди радиосы дереккөзінің мәліметінше, Фахриддин, Фаррух және Зиёдали Сафаровтар дәрігерлер мен шенеуніктерге жұдырық ала жүгірген. Олардың арасында министр де болған. Үш жігіт анасы Курбонби Рахмонованың қазасын ауыр қабылдаған. Шетел мамандары тәжік дәрігерлері науқасты дұрыс емдемеген деген тұжырым жасаған.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері министрді соққыға жықты деген мәліметті терістеп, Абдуллозода жұмыс бабымен Ресейде жүр деп хабарлаған.

Сол кезде министрліктің мәліметіне көпшілік күмәнмен қараған, өйткені баспасөз қызметі министрдің шетелдегі сапары туралы ешқандай сурет жарияламаған.

Тәжікстанның құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғамақ түгілі, оқиғаны тексермегені де кейін мәлім болды.

54 жастағы Жамолиддин Абдуллозода былтыр мамырда коронавирус пандемиясы өршіп тұрған кезде министр қызметіне тағайындалды.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM