Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанның оңтүстігіне отандық көмір жеткізілді

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан аймақтарында электр энергиясы шектеулі көлемде беріліп жатқанда, Куляб қаласына отандық өндірісшілердің көмірі жеткізілді. Осыған байланысты қалада көмір бағасының бір келісі 2 сомониден 80 дирамға дейін төмендеді.

Көмірді елдің өнеркәсіп министрлігі мен «Ангишти точик» мемлекеттік кәсіпорны жеткізген. 11 жүк көлігімен жеткізілген көмір қыс бойы бағаны өсірмеуге себеп болады дейді жергілікті әкімдік өкілі. Кулябқа жеткізілген көмір көлемі 300 тоннаны құрайды.

Билік қажет болған жағдайда тағы көмір жеткізілетінін хабарлады.

Осыған дейін Кулябта қырғыз көмірі сатылатын. Алайда биыл екі елдің шекарасында қарулы қақтығыс болғаннан кейін, қырғыз тарабы шекараны бір жақты жапты. Осыдан кейін бұл аймақта көмір қымбаттаған.

Ақпаратқа қарағанда, былтыр Куляб қаласында Тәжікстанда қазылған көмірдің келісі 40 дирам болғанына қарамастан, тұрғындар сапасы жақсы деп қырғыз көмірін 1 сомониден сатып алып келген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM