Тәжікстанның солтүстігінде елдегі ең ірі мақта тазалау зауыттарының бірі өртенді. Куәгерлердің айтуынша, 25 қарашада түнгі сағат 03:00 шамасында Мастчох ауданында орналасқан «Музаффар Ко» мақта зауытында өрт шықты.
Дереккөздің айтуынша, бұл зауыт жергілікті кәсіпкер Салим Мирзоевке тиесілі. Оқиға орнында болған аудан әкімшілігінің өкілі зауытта 1 тоннадан астам мақта өртеніп кеткенін хабарлады.
Зауыттағы өртті сөндіруге жиырма шақты өрт сөндіруші қатысқан. Зауыт аумағындағы 400 шаршы метр жер өртенген.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
KAZAKBOL.COM