Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Түркіменстан, Өзбекстан және Ресей өкілдері тәліптермен келіссөз өткізді

KAZAKBOL.COM

Түркіменстан, Өзбекстан және Ресей дипломаттарынан тұратын делегациялар Қатарда тәліптердің саяси мәселелер жөніндегі комиссиясы басшысымен келіссөз өткізді. Тәліптер Ауғанстанда көп жерді басып алып жатқандықтан, аймақ халқының алаңдаушылығы үдеп барады.

Қозғалыс басшыларының бірі Абдул Ғани Барадар сәрсенбіде елдегі жағдайды талқылау мақсатында Қатарда Түркіменстан сыртқы істер министрінің орынбасары Вепа Хаджиевпен және Өзбекстан президентінің Ауғанстандағы уәкілі Исматулла Иргашевпен кездескен. Бұл жөнінде 12 тамызда «Талибан» қозғалысының ресми өкілі Забиулла Муджахид Азаттыққа хабарлады.

Муджахидтің айтуынша, келіссөз кезінде аймақтық мәселелер, соның ішінде Ауғанстан мен Орталық Азияның бұрынғы советтік республикалары арасындағы сауда жайы талқыға түскен.

Тәліптер келіссөзшілерінің Қатар астанасы Дохадағы өкілі 11 тамызда Twitter-де Барадар мен Хаджиевтің «екіжақты мәселелерді, шекара жайын, экономикалық жобаларды және Түркіменстанның Ауғанстандағы дипломатиялық миссиясының қауіпсіздігін» талқылағанын жазды.

Twitter-дегі басқа бір хабарламасында тәліптердің өкілі Сухайл Шахин Барадардың Ресей президентінің Ауғанстан бойынша арнайы уәкілі Замир Кабуловпен кездескенін хабарлады.

Өткен айда «Талибан» өкілі Азаттыққа қозғалыс делегациясы Ашғабатқа барып, түркімен ресми тұлғаларымен «екі ел арасындағы экономикалық және саяси байланыстар, қауіпсіздік және шекара мәселелерін» талқылағанын айтқан.

Түркіменстан мен Ауғанстан арасындағы шекара ұзындығы – 800 километр.

Бұдан бұрын АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы Америка әскері қыркүйекке дейін бұл елден кететінін мәлімдеген. Осы күн жақындаған сайын тәліптер Ауғанстанның әскери күштеріне шабуылды үдетіп, аймақтарға және шекара өткелдеріне бақылау орнатып жатыр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жүздеген ауған, соның ішінде әскерилер мен полицейлер Орталық Азияның көршілес елдеріне қашып кеткен.

Соғыста тәліптердің жеңіске жетуі Кабулдағы Батыс қолдауына сүйенетін үкімет құлауы мүмкін деген қорқынышты үдете түсті.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM