Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркіменстан түрмедегі тұтқындар саны бойынша алдыға шықты

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда әрбір 100 мың тұрғынға 576-дан астам қамаудағы адам бар. Осылай деп әлемдегі түрмелер жөнінде мәліметті жариялаған World Prison Brief сайты хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Түркіменстан бұл көрсеткіш бойынша әлемде үшінші орында. Бірінші орында әрбір 100 мың адамға 629-дан қамаудағы адам сәйкес келетін АҚШ тұрса, екінші орында 580 адаммен Руанда тұр.

Орталық Азия бойынша Қазақстанда әрбір 100 мың адамға 177, Қырғызстан- 161,Тәжікстан — 83 және Өзбекстанда 68 адамға сәйкес келеді.

Сайт мәліметінде Түркіменстан халқы 6 миллион 80 мың, қамаудағылардың саны 35 мың адам деп көрсетілген.

Түркімен билігі сотталғандар жөнінде ресми мәлімет жарияламайды.

Былтыр ақпанда Орталық Азия бойынша сараптама орталығы түркімен түрмелерінде 35 мыңға жақын адам бар екенін, бұл өлкедегі түрмелер саны нормадан үш есеге көп екенін мәлімдеген.

Азаттықтың түркімен қызметі өз дереккөздеріне сүйеніп жариялаған мәліметке қарағанда, абақтыда 51 мыңнан астам адам отыруы мүмкін. Бүгінде Түркіменстанда халық саны 3 миллионға жетпейді.

Халықаралық ұйым өкілдері мен тәуелсіз бақылаушылар түркімен абақтысына кіруге рұқсат ала алмай келеді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне қарағанда, Түркіменстан түрмелерде азаптау кеңінен жайылған елдер қатарында. Бұдан бөлек Түркіменстанда қамаудағы адамдардың ұшты-күйлі жоғалып кететіне байланысты мәселе де түбегейлі зерттелген емес.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM