Түркіменстан бір жылдан аса Ресей агрессиясына қарсы соғысып жатқан украин халқына гуманитарлық көмек көрсетуді шешті. Тиісті бұйрыққа 13 наурызда ел президенті Сердар Бердімұхамедов қол қойды.
Ресми мәліметке сәйкес, гуманитарлық көмек Гурбангулы Бердімұхамедов атындағы қайырымдылық қор атынан жіберіледі. Онда украин балаларына көмек деп айтылған. Бұл Түркіменстанның Украинаға жіберіп отырған екінші көмегі.
«Түркімен билігі Украина елін, Ресей агрессиясын атамай, тек украин балаларына көмек деп жіберіп отыр. Егер Ресей пайдасына шешілмесе, түркімен билігі халықаралық қауымдастық алдында абыройын сақтап қалу үшін жасап отырған қадам секілді», — дейді Азаттықтың Орталық Азия бойынша эксперті Брюс Панниер.
Түркіменстан БҰҰ Бас Ассамблеясында Ресей агрессиясына қарсы талқылауға қатысқан емес.
KAZAKBOL.COM