Түркіменстан «жаңа өркендеу дәуірі» басталғанын жария етті. Бұл жолы мұны президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов мәлімдеп, «Егемен мемлекеттің жаңа өркендеу дәуірі» деп атады.
Жаңа дәуір күн тәртібінде түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов кезекті рет ел Конституциясын өзгерту керек деген ұсыныс жасағаннан кейін пайда болды.
Үкімет отырысында президенттің ұлы өзінің әкесіне «Егемен мемлекеттің жаңа өркендеу дәуірі: Түркіменстанның 2022–2052 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған Ұлттық бағдарлама» жобасын таныстырды.
Жаңа бағдарлама алдағы отыз жылдағы елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуына арналған.
Жаңа бағдарлама 11 ақпанда парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде жарияланады деп күтіледі.
Түркіменстан соңғы бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарысты бастан өткеріп келе жатыр. Халықтың күн көріс қабілеті төмендеген.
KAZAKBOL.COM