Түркіменстан билігі алимент төлемегендерді мақта жинауға мәжбүрлеп шығарып жатыр. Бұл жөнінде Азатлык тілшісі хабарлады.
Ресми емес мәлімет бойынша, алимент төлейтін ондаған мың адам бар. Олардың дені жұмыссыз. Оларды мақта теруге жіберумен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.
Билік мұны мақта жинауды тиімді ету мақсатында деп түсіндіреді. Ал тұрғындар мұны еңбекке мәжбүрлепу деп түсінеді.
Былтыр қазан айында Лебапского уәлаятының билігі алимент төлемегендердің суретін қоғамдық орындарда жариялаған.
Сарапшылар пікірінше, Түркіменстанда экономикалық ахуалдың төмендігінен ажырасу көбейген.
KAZAKBOL.COM