Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Түркіменстанда мақта мен қызылша жинаудан бас тартқандарды полиция қызметкерлері ұрған

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанда медициналық маска тақпағандарды, сонымен бірге алимент пен қызмет ақысын төлемегендерді мәжбүрлі түрде мақта мен қызылша жинауға жібереді. Оған бағынбағандарды полиция қызметкерлері резіңке тоқпақпен ұрады.

Бұл туралы Азаттық радиосының түркімен қызметі хабарлады.

«Берекет пен Сердар этраптарында медициналық маска тақпағандарды, сонымен бірге жарық пен газ ақысын, алимент төлемегендерді мәжбүрлеп мақта мен қызылша теруге жібереді. Полиция қызметкерлері оларға күш қолданады, резіңке тоқпақпен ұрып, мақта мен қызылша жинатады», – деді куәгерлердің бірі.

Балқан уәлаяты тұрғындарының Азаттық радиосы түркімен қызметінің тілшісіне хабарлауынша, жергілікті билік «мәжбүрлі еңбек күшінің арқасында» үкіметтің мақта жинау жоспарын орындауға тырысып жатыр.

Алайда биыл, тұрғындардың айтуынша, алқапта мақта жоқтың қасы. Уәлаят жоспарды бар болғаны 21 пайызға орындаған. Аймақта мақта жинау науқаны 8 қыркүйекте басталды. Түркіменстанның барлық аймағында 1 миллион 250 мың тонна мақта жиналады деп жоспарланған.

Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, жиналған мақтаны өткізу бекеттеріне жеткізетін көлік жетіспей жатыр. Сол себепті билік жекеменшік жүк көліктерін уақытша алып, олармен мақта тасуға мәжбүр.

«Жүк көліктерінің жүргізушілеріне: «Бұл уәлаятта тұрғың келсе, мақта тасуға көмектесуің керек», дейді. Оларға жұмыс ақысы былай тұрсын, дизель отынын да бермейді», — деді басылым дереккөзі.

Түркіменстанда мәжбүрлі еңбек күшін мақта тергенде ғана емес, оны егу кезінде де қолданып жүр.

Халықаралық адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар Түркіменстан билігін бала еңбегін пайдаланғаны үшін үнемі сынайды.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM