Түркияның депортациялау орталығында 450-ге жуық түркімен азаматы бар. Олардың тағдыры бірнеше айдан бері белгісіз күйде қалып отыр.
Хельсинкидегі адам құқықтары жөніндегі түркімен қорының мәліметінше, Түркияның «Чанкыры» депортациялау орталығында 100-ге жақын, Ван қаласында – 139, Эрзурумада 200-ге жуық түркімен азаматы бар.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Түркияда жалпы 30-ға жуық депортациялау орталығы бар. Онда көбінде құжаттарының мерзімі өтіп кеткен түркімен азаматтары бар. Олардың көбі бірнеше айдан бері биліктің шешімін күтіп жатыр. Оларды босататын жағдай өте сирек. Көбінде еліне депортациялайды.
Соңғы 15 жылдан бері түркімен азаматтары үшін Түркия жұмыс істеуге қолайлы ел саналып келді. Бір миллионға жуық түркімен азаматы жұмыс іздеп Түркияға барады. Ресми мәлімет бойынша, олардың тек 222,09 мыңы ғана ресми тіркелген, заңды жұмыс істейді.
KAZAKBOL.COM