Берлиндегі тәжік оппозиционерлерінің тобы президент Эмомали Рахмонның Еуропаға мүмкін сапары алдында наразылық акциясын өткізді.
Акция 25 наурызда Бундестаг ғимаратының (Германия парламенті) алдында өтті. Қатысушылардың арасында таулы бадахшандық 30-дай азамат болды.
Наразы топ Германия және басқа да Еуропа билігінен Эмомали Рахмонды қабылдамауға шақырды. Олардың пікірінше, тәжік президенті бұл сапарды өзінің авторитарлық басқаруын халықаралық қолдау ретінде пайдаланады.
Тәжікстан президенті 21 нурызда БҰҰ-ның Су жөніндегі конференциясына қатысу үшін АҚШ-қа барған. Эмомали Рахмон 29 наурызда Еуропаға барады деп күтіледі.
Ұлттық альянс басшысы Мухиддин Кабири америкалық және еуропалық өкілдер Эмомали Рахмон ресми түрде шақырту алмағанын, ол коммерциялық ұйымдардың кездесуіне қатысу үшін бара жатқанын жеткізді.
KAZAKBOL.COM