Тәжікстан түрмелерінде отырған 11 қырғыз азаматы Қырғызстанға қайтарылды. Бұл ақпаратты 2021 жылдың 24 қазанынан бері Хоженттегі абақтыда отырған Айдарбек Хайдаров Азаттықтың қырғыз қызметіне жеткізді.
Ол өзімен қоса тағы 10 қырғыз азаматының 7 шілдеде Қырғызстан аймағына өткерілгенін, бұдан артық ақпарат бере алмайтынын айтты. Оның әкесі Умарбай Хайдаровұлының денсаулығы жақсы екенін білдірді.
Осыған дейін президенттің Баткендегі өкілі Абдикарим Алимбаев қырғыз және тәжік мемлекеттік органдары азаматтарын алмастыру процесін бастады деген.
Биыл сәуір айында Қырғызстан билігі тәжік түрмелерінде 13 қырғыз азаматы бар екенін айтқан. Оның екеуі өмір бойы түрме жазасына кесілген екен.
KAZAKBOL.COM