Тәжікстанның бас прокуратурасы алдын ала тергеу нәтижесі бойынша 25 жастағы файзабадтық Манора Абдуфаттох өзіне-өзі қол жұмсаған деп мәлімдеді.
Бас прокуратура таратқан ресми мәліметке сәйкес, алайда тергеу ісі әлі жалғасып жатыр.
Мәліметте 2021 жылдың 22 маусымында үш баланың анасы үйінде «туыстарымен кикілжіңнен» кейін мойнына және ішіне пышақ салғаны жазылған. Көп қан кеткеннен кейін, ауруханада көз жұмған.
Манораның әкесі Абдуфаттох Мисоков қызы өзіне 26 рет пышақ сұғуы мүмкін емес дейді.
Манора Абдуфаттохтың артында үш баласы қалды. Сот шешімі бойынша, олар күйеуінің әке-шешесінде қалған. Қайғылы оқиға болған кезде, күйеуі Ресейде болған. Ол журналистермен сөйлесуден бас тартты.
KAZAKBOL.COM