Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжікстан ІІМ Рушанның 46 тұрғынын «ұйымдасқан қылмыстық топтың» мүшесі деп атады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның ІІМ Таулы Бадахшан автоном облысына қарасты Рушан ауданының 46 тұрғынын «қылмыстық және экстремистік-террорлық топтардың» мүшесі деп атады.

Митинге қатысқан тұрғындар қазір қамауда отыр. Күдіктілердің туыстары олардың қарапайым тұрғындар екенін, ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін айтады.

Тәжікстан ІІМ сайтында алғаш 19 адамның аты-жөні жарияланып, кейін тағы 27 азамат қосылған. Ақпаратта олардың суреті қоса тіркелген, үйіне тінту жүргізу кезінде оқ-дәрі, қару-жарақ табылғаны айтылған.

Ұсталғандар Холбаш Холбашев, Ёдгор Гуломхайдаров және Кулмахмад Паллаев жетекшілік еткен топтың мүшелері деп белгіленген. Жергілікті тұрғындар Холбашев пен Гуломхайдаров шекара қызметінің және төтенше жағдайлар комитетінің офицерлері болғанын айтады.

Тізімде Холбашев «ұйымдастырған қылмыстық топтың» мүшелері қатарында Саидаброр Шодавлатов пен Сарбаланд Холбашев те бар. Жергілікті тұрғындар аты аталған азаматтар елге сыйлы адамдар екенін, ешқандай террорист емес екенін айтады.

ІІМ жариялаған суреттерде азаматтардың беті-басының көгергенін байқауға болады. Ұсталғандар негізінен 24-53 жастағы азаматтар.

Озоди радиосы екі бірдей дереккөзге сілтеме жасап, тағы да 17 адамның із-түссіз жоғалғанын айтады. Бұдан бөлек тәжік оппозициясының дала командирі Мирзо Зиёевке жақын топтардың бұрынғы командирлерінің бірі Ёдгор Гуломхайдаровтың және оның 20-ға жуық жақтасының тағдыры туралы мәлімет жоқ.

Күш құрылымына жақын дереккөздердің айтуынша, Тәжікстанның жеті ОМОН қызметкері де Таулы Бадахшанның Рушан ауданынан онша алыс емес жерде із-түссіз жоғалып кеткен.

18 мамырда Тәжікстан ішкі істер министрлігі Рушан ауданындағы «терроризммен күрес операциясы» барысында 9 адам адам қаза болып, 11 адам жараланғанын хабарлаған. Жергілікті тұрғындар билік күштері мен аудан жастары қақтығысында 21 адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы жағдай 14 мамырдан бері ушығып тұр. Сол күні Хорог қаласының жүздеген тұрғыны наразылық акциясын өткізіп, аймақ басшыларын қызметтен алуын, Бадахшан тұрғындарын қудалауды доғаруын, қараша оқиғасын әділ тергеуін, қамаудағы саяси тұтқындарды босатуын талап еткен.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM