Site icon KAZAKBOL

Тәжікстандағы Вахдатта бірнеше пәтер өртеніп кетті

Душанбеден 19 шақырым жерде орналасқан Вахдат қаласында 16 сәуірге қараған түні көп қабатты тұрғын үй өртеніп, бірнеше пәтерді от шарпыды.

Әлеуметтік желі қолданушылардың хабарлауынша, үйде газ баллоны жарылған. Алайда тұрғындар өрт электр тоғының тұйықталуынан да болуы мүмкін деп топшылайды.

Вахдаттағы өрт себебі туралы ресми мәлімет әлі жарияланған жоқ. Зардап шеккендер туралы да ақпарат таралмады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға қарағанда, өрт үйдің алтыншы қабатындағы бір пәтерден шығып, көрші пәтерлерге тараған.

Источник

Exit mobile version