Душанбе қалалық соты «ірі көлемде алаяқтықпен» айыпталған екі прокуратура қызметкерінің жазасын жеңілдетіп, айыппұл салып, босатты.
Шохмансур ауданы прокурорының көмекшісі Сайфиддин Бахриддинзода мен Соғды облыстық прокуратура қызметкері Манучехр Ахмадзода биыл ақпан айында қамауға алынған.
Азаттықтың тәжік қызметі дереккөзіне сүйеніп, 200 мың сомони және 19 мың доллар алаяқтықпен ұсталып, айыпталған прокуратура қызметкерлеріне сот айыппұл төлетумен ғана шектелді деп хабарлады.
Сайфиддин Бахриддинзода сот отырысы болғанға дейін тергеу абақтысында отырған, ал Манучехр Ахмадзода елден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат жазып беріп, босатылған. Қазір екеуі де бостандықта.
Манучехр Ахмадзода – Тәжікстанның қаржы бақылау және коррупцияға қарсы күрес бойынша агенттіктің бірінші орынбасары Музаффар Ахмадзоданың ұлы.
KAZAKBOL.COM