Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжікстанда ауған түрмесінен шығарылған әйелді соттап жатыр

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанда бірнеше ай бұрын Ауғанстанның Пули-Чархи түрмесінен шығарылған әйелді соттап жатыр. 31 жастағы Олима Камоловаға үшінші бір елдер аумағындағы әскери қимылдарға қатысты деген айып тағылған. Әйелдің туыстары ол Сирияға өз еркімен бармаған дейді.

Олима Камолованың үстінен қозғалған іс бойынша сот Вахдат қаласында өтіп жатыр. 29 қыркүйекте прокурор оны 15 жылға соттауын сұрады.

Олима Камолованың бауыры Сулаймон Камоловтың Озоди радиосына хабарлауынша, оның әпкесі ауған түрмесінде бір жылдан астам уақыт отырған. Түрмеде отырған кезде ол Тәжікстан билігінен көмек сұраған. Енді ол ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін. Прокурордың дерегінше, Камолова Ирак пен Сириядағы әскери қимылдарға қатысқан.

Сотталушының туыстарының айтуынша, Олима 2015 жылы күйеуімен бірге Ресейге кеткен, сол жерден Сирияға өткен. Күйеуі опат болған соң Олиманың үш баласымен Ауғанстанға қалай жеткенін, «Пули-Чархи» түрмесіне қалай түскенін оның туыстары білмейді.

Тәжік билігі Олима Камолова мен оның үш баласын Ауғанстаннан алдырып, оны елге келген уақытта ұстады. Қазір оның балалары интернатта тұрып жатыр.

Олима Камолова – күйеуімен бірге соғыс ошағына кеткен тәжік әйелдерінің бірі. Олардың бірқатары Иракта терроризм айыбымен сотталды, басқалары Сириядағы босқындар лагерьлеріне тап болды. Әйелдер Тәжікстан билігіне бірнеше мәрте үндеу жолдап, лагерьлерден алып кетуін өтінді.

2018 жылы тәжік үкіметі Ирактан 80-нен астам баланы елге алдырды. Биліктің мәлімдеуінше, Сириядағы әйелдерді елге қайтару көп уақыт алады, өйткені олардың көбісінің және балаларының жеке құжаттары жоқ.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM