Душанбедегі ең ірі «Имам Азам» мешітінің хатиб имамы Абдулхак Обидов ұсталды. Оны тыйым салынған «Салафия» ұйымына қатысы бар деп айыптап жатыр.
Оны діни қызметкер Домулло Хикматуллоның жаназасынан кейін ұстаған. Ол жаназа кезінде марқұмға қатысты бірнеше рет «нағыз ұлт лидері болды» деп айтқан.
Ал Тәжікстанда ұлт лидері деген ресми атақ ел президенті Эмомали Рахмонға ғана берілген.
Хатиб имам Обидовті бірнеше ауылдастарымен қоса ұстаған. Оған «тыйым салынған экстремистік діни ұйымға қатысы болды» деген айып тағылған.
Тәжікстанның саяси сарапшысы Сайидмухиддин Дустмухаммадиен қамауға алынған имамның салафизмге еш қатысы жоғын айтады.
«Обидов танымал тұлға. Ол ешқандай радикалды діни ағымдарға қатысқан емес. Ол ханафизм мазхабының өкілі. Ол ханафизм мазхабындағы ең танымал тұлға», — дейді саясаттанушы.
Егер Обидовтің айыптары дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Орталық Азия елдерінде мұсылмандардың дені сүниттік бағыттағы ханафия мазхабын ұстанады.
KAZAKBOL.COM