Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тәжікстанда милицияның үш қызметкері кісі азаптағаны үшін сотталды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Жоғарғы соты Турсунзаде қаласының тұрғыны Хасан Едгоровты азаптаған үш милиционерге үкім шығарды.

Тәжікстан азаматтық қоғамының азаптаумен күрес коалициясының хабарлауынша, сот үкімі 17 маусымда жарияланды. Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық іздеу басқармасының аға қызметкері Эрадж Наимов 10 жылға сотталды. Турсунзаде қалалық милициясының қызметкері Саъди Давлатмуродзода 12 жылға, «Пахтаобод» ауылы милициясының қызметкері Шерали Азизов 13 жылға сотталды.

Бұның алдында сотталғандардың адвокаттары мен туыстары оларға тағылған айыптарды жоққа шығарған. Адвокат Шухрат Гулмуродзода «олардың азаптауға қатысқанына дәлел жоқ» деп мәлімдеген.

Коалиция мәліметіне қарағанда, Турсунзаде қаласының тұрғыны Хасан Едгоров 2017 жылы кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған. Сегіз ай тергеу изоляторында отырған ол нағыз қылмыскер ұсталғаннан кейін бостандыққа шыққан. Милиция бөліміндегі азаптауға төзбеген Едгоров тағылған айыптарды мойындауға мәжбүр болған.

Кісі азаптауға қатысты іс үш жылдан астам уақыт қаралды. Жоғарғы сот 2019 жылы істі қайта тергеуге жіберді. Іс биыл 17 наурызда қайта қарала бастады.

Едгоровтың құқығын қорғаушы адвокаттың айтуынша, қосымша тергеу «Едгоровтың денесінде азаптау іздері әлі кетпегенін» көрсеткен. Оның азапталғанын сот-медицина сараптамасы да дәлелдеген.

Хасан Ёдгоров сотта оны азаптауға тағы бірнеше адам қатысқанын, бірақ оларды танымайтынын мәлімдеген.

«Тергеу кезінде мені тоққа қосып, аузыма су құйды. Төзімім таусылып, өзімді қаралайтын қағазға қол қойдым», — деді Едгоров.

Тәжікстанда күдіктіні мойындату үшін азаптау тәжірибесі жиі қолданылады. 2019 жылы билік кісі азаптаушыларға жазаны қатаңдатты. Бұған дейін кісі азаптағандар айыппұлмен құтылып жүрсе, енді оларды екі жылдан 15 жылға дейін түрмеге отырғызады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM