Тәжікстанның солтүстігіндегі Дехмой Жабор ауылында шошқа фирмасының қожайыны «өзенді ластады» деген айыппен бір жарым жыл түзеу жұмыстарына тартылды.
Сот үкімін Жаббор Расулов ауданының көшпелі соты 11 тамызда шығарды. Сот үкіміне сәйкес, шошқа фермасының қожайыны Насим Дустматов жалақысының 20 пайызын мемлекетке төлеп тұруға міндетті. Озоди радиосымен тілдескен Дустматов сот шешімімен келіскенін айтты.
Жаббор Расулов ауданының соты журналистерге үкім туралы ақпарат бермеді. Сот өкілінің айтуынша, «Насим Дустматов 1 жыл 6 ай түзеу жұмыстарына тартылған».
Дустматов бостандықта қалады, бірақ он күннен кейін сот үкімі күшіне енген соң ол Жазаны орындау басқармасында түзеу жұмыстарын атқарады. Сотталушы жаза мерзімі аяқталғанға дейін елден кете алмайды.
Насим Дустматов журналистермен сөйлесуге ықылас танытпады. «Сот үкімімен келісемін. Келіспеген күннің өзінде, ештеңе өзгермейді», — деді ол.
Биыл шілде айында Соғды облысының прокуратурасы шошқа боғын Сырдария өзеніне тағы тастағаны үшін Насим Дустматовтың үстінен қылмыстық іс қозғады.
300 шошқа бар ферма өзенге жақын жерге орналасқан.
Бұның алдында жергілікті тұрғындар сасық иістен тұншығы бастадық деп шағымданған. Насим Дустматов сотта ферманы басқар жерге көшіруге уәде берді.
Тәжікстан халқының дені мұсылман, сол себепті елде шошқа етін жемейді. Ферма қожайыны қарыздардан құтылу үшін шошқа өсірумен айналысқанын айтқан. «Шошқа етін негізінен қытайлар сатып алады», — дейді ол.
Қытайдың мыңдаған азаматы Тәжікстанда маңызды нысандардың құрылысында және кәсіпорындарда істейді.
KAZAKBOL.COM