Шамамен тамыз айында Тәжікстанның 10-миллион тұрғыны дүниеге келеді.
Тәжікстан постсоветтік елдер арасында бала туу көрсеткіші ең жоғары мемлекет болып саналады. Бірақ соңғы бірнеше жылда 2,5-ден 2 пайызға түсіп кеткен.
Орталық Азия елдері ішінде Тәжікстан отбасында бала тууды азайтуды насихаттап отырған жалғыз мемлекет. Тіптен 2019 жылы мемлекет деңгейінде арнайы бағдарлама енгізген. Билік бала тууға шектеу қоймайды, бірақ бір отбасында төрт баладан аспауын ұсынады. Бірақ соңғы жылдары бала туу саны елде бірден азайған.
2020 жылы өткізген халық санағы нәтижесінде Тәжікстанда 9 миллион 661 мың адам болған. Олардың 4 млн 901 мыңы ер адам, 4 мың 760 мыңы әйел. Тұрғындардың 26,2% пайызы қалада тұрса, 73,8% ауылда мекен етеді.
Статистика жөніндегі агенттік мәліметінше, 2022 жылдың алғашқы тоқсанында халық саны 9 млн 934 мыңға жеткен.
2018 жылдың 26 мамырында Тәжікстанда 9-миллион тұрғын дүниеге келген. Қыздың есімі — Насиба. Душанбе әкімдігі қыздың ата-анасына үш бөлмелі пәтер сыйға тартқан.
KAZAKBOL.COM