Тәжікстандағы ең танымал әрі көпшілік көп қолданатын қаржы мекемелерінің бірі «Алиф Банк» белгілі бір тауарлар мен қызмет түрлерін төлеуге шектеу енгізеді.
Банктің ресми мәлімдемесінде енді «Алиф» ислам банкинг жүйесімен жұмыс істейтіні айтылған. Бұл жүйе шариғат қағидаларына негізделген. Дегенмен банк несиені әлі де еуропалық банк жүйесімен беріп жүр. Мұндағы несиені өтеудегі пайыздық есептеу ислам ережелеріне қайшы келеді.
«Алиф Банк» Тәжікстанда озық технологиялармен жұмыс істейтін қаржы мекемесі ретінде танылды. Банктің шариғат қағидаларына сай емес тауарлар мен қызмет түрлерін сатуға тыйым салғаны душанбеліктер үшін тосын шешім болды. Астана тұрғындарының дені қандай да бір шектеу енгізуді құптамайды.
«Алиф Банк» мәлімдемесі әлеуметтік желілерде де талқыланып жатыр. Тәжікстандықтардың кейбірі қаржы мекемесі қабылдаған шешімді шариғат қағидаларымен жүретін тәліптердің әрекетімен салыстырған.
«Алиф Банк» карталарымен сатып алуға тыйым салынатын заттар тізімі ауқымды. Тізімнен алкоголь, темекі өнімдерін, көңіл көтеру мекемелерінің қызметтерін, тіпті музыкалық аспаптарды да кезіктіруге болады.
KAZAKBOL.COM