23 ақпанда таңертең Тәжікстанда екі рет жер сілкінді. Оны Алматы және Шымкент тұрғындары да сезді деп хабарлады Қазақстанның ақпарат құралдары.
Жер сілкінісін қазақстандық сейсмологтар тіркеді. «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» мекемесінің мәліметінше, бірінші жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 6.37-де болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-батысынан 696 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында. Энергетикалық класы – 16.0. Магнитудасы – 7.0. Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған. Алматы мен Шымкентте Рихтер шкаласы бойынша 2-3 балдық жер сілкінісі сезілген.
Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде жер сілкінісін сезгенін жазды.
Екінші жер сілкінісі Астана уақытымен таңертеңгі сағат 7.35-те болған. Эпицентрі Алматының оңтүстік-батысынан 636 шақырым жерде, Тәжікстан аумағы. Энергетикалық класы – 11.8. Магнитудасы – 5.6. Жерасты дүмпуі 20 шақырым тереңдікте болған.
KAZAKBOL.COM