Тәжікстанда журналист Абдулло Гурбатиге қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталып, материалдар сотқа жіберілген. Журналистке билік өкіліне күш қолданды, экстремистік ұйымға қатысқан деген айыптар тағылған.
Тәжікстан заңдарына сәйкес, экстремизм бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Абдулло Гурбати өзіне тағылған ешбір айыптармен келіспейді. Ол 15 маусымда ұсталған. Билік оған милиция қызметкерін сабады деген айып таққан. Кейін Тәжікстан ІІМ елінде тыйым салынған «Исламның қайта жаңғыруы» партиясымен жұмыс істегенін мәлімдеген.
26 жастағы Абдулло Гурбати соңғы үш жылдан бері “Азия Плюс” агенттігі үшін видеосюжеттер дайындап келген. Ол — Фейсбук парақшасына қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық жазып отыратын журналистердің бірі.
Тәжікстанда соңғы үш ай ішінде жеті блогер мен журналист ұсталды. Тағы бірнеше журналист билік тараптан қысым көргенін мәлімдеген.
KAZAKBOL.COM