Түркияда өлтірілген төрт түркімен азаматына қатысты қылмыстық іс туралы жаңа мәлімет пайда болды. Төрт азаматтың денесі тоңазытқыштан табылған.
Отандастарын өлтірді деген айыппен ұсталған Сапармұрад Халлыев қылмысты 13 маусымда «қызғаныштан» жасағанын мойындады.
Еске салайық, Гүлкамар Ханымова мен оны екі қызы — Ләйла және Лачын Келдияровалардың, сонымен бірге қыздардың бірінің жігіті болуы мүмкін Руслан Керімовтің бөлшектелген денесі 18 маусымда Измир қаласындағы үйлердің біріндегі тоңазытқыштан табылған.
Ертесіне түрік полициясы Түркіменстан азаматы Сапармұрад Халлыевты кісі өлтірді деген күдікпен ұстаған. Бұған қоса қылмыскерге көмектесті деген айыппен Х.Г.Х. есімді бір ауған азаматы, Х.П. есімді түркімен және М.А. есімді түрік азаматы қолға түскен. Сот тыңдауларынан соң Халлыев қамауға алынып, қалған үшеуі ешқайда кетпеу жөніндегі уәдемен босатылған.
«Күдікті Халлыев тергеу кезінде кісі өлтіргенін мойындады. Ол қылмысты ашынасы Гүлкамар Ханымованы қызғанғандықтан жасағанын, сол себепті отбасының барлық мүшесін өлтіргенін мойындаған. Ол 13 маусымда әуелі Руслан Керімовті, одан кейін әйелдерді бір-бірлеп өлтіргенін, сосын олардың денелерін бөлшектеп, тоңазытқышқа салып қойғанын айтқан» деп жазды 21 маусымда «Milliyet». Түркі басылымы полициядағы дереккөздерге сүйенген.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Халлыев өзі өлтірген адамдардың телефондарын сатып, тоңазытқыш сатып алған, елден қашуға қажетті ақша табу үшін ешме қаласында құрылыста жұмыс істеген.
«Жасаған ісіме өкінбеймін, мен оның тағы бір қызын өлтіргім келген» деген тергеушілерге Халлыев.
KAZAKBOL.COM