Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАЛҒАСАДЫ

KAZAKBOL.COM

Елордада төтенше жағдай режимі әлі біраз уақыт сақталатын түрі бар. Өйткені алдағы климаттық ахуал көңіл көншітпейді. Қалың жауған қардан бөлек, температураның жоғарылауы да төтеншеліктерді алаңдатып отыр. Алда қандай күн райы күтіп тұр? Неге дайын болуымыз керек? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қалың қар, көктайғақ пен бұрқасын. Алдағы күндердегі климаттық ахуалды ескерсек, елордадағы төтенше жағдай режимін алып тастауға негіз жоқ. 4-5 ақпан күндері еліміздің басым бөлігінде боран соғады деп отыр мамандар.

ВЛАДИМИР БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Нұр-Сұлтан қаласындағы төтенше жағдай режимі алынған жоқ. Себебі, климаттық ахуал барынша күрделі болып тұр. 4-5 ақпанда тағы боран соғатыны ескертілді. Қазгидромет мәліметтеріне сенсек, бүгін таңертең еліміздің 13 өңірінде дауыл соғады».

Бұл — Ақтөбе облысы. Өңірде кеше боран басталды. Көктайғақ та күшейген. Бірақ бұл жүргізушілерді бөгейтін емес. Патрульдік полиция бір тәулікте жолда қалған 15 көлікті құтқарыпты. Ал бүгін таңғы 8-ге дейін республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолы жабылды. Қазір трасса ашық, бірақ қауіп сейілді деуге әлі ерте. Алдағы тәуліктерде температура көтеріледі. Демек, жылымықтың соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін.

ВЛАДИМИР БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазір республикалық маңызы бар учаскелердің барлығы ашық. Бірақ, Қазгидромет деректеріне сәйкес, таяу аптадағы ауа райы болжамы көңіл көншітерлік емес. Температура көтеріліп келеді. Соған орай боран соғу қаупі бар. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында жаңбыр жауды. Демек жолда көктайғақ болады деген сөз.

Қаңтардың қарлы бораны күллі республиканы әуре-сарсаңға салғаны белгілі. Дабылды ескертуді елемей, жолда қалғандардың зардабымен төтеншеліктер әлі күресіп жатыр.

ЕРКІН ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
«Бүгінгі таңда қала аумағында күшейтілген режимде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл орын алған төтенше жағдайдың салдары. 5 ақпан күні қала аумағында көктайғақ, екпіні 15/20 метр болатын оңтүстік-батыстан жел соғады. Дауылды ескерту жарияланды. Дауылдың ықтималдығы 85-90%-ды құрайды. Осыны ескере отырып, елордалық төтенше жағдайлар департаменті қала қонақтары мен тұрғындарына ауа райының өзгеруі туралы ресми ақпаратты және шектеулерді жіті бақылауға кеңес береді».

Биыл еліміздің біраз аумағында қар қалың түсті. Бұл өңірлерге тасқын қаупі төніп тұрғанын аңғартады. Әсіресе Ақмола облысында жағдай жіті бақылауда. «Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында да жағдай мәз емес», — дейді Қазгидромет. Ал елордада су қоймаларының 60% ғана толық. Алаңдауға негіз жоқ дегенмен, бұл әзірге болжам ғана. Өйткені бас қала бірнеше айдан бері қарға бөгіп жатыр. Бейсенбі, жексенді және дүйсенбі күндері де астана ақ ұлпаға оранады деп отыр мамандар. Яғни, жағдай одан ары күрделене түсуі мүмкін.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM