Төреғали Төреәлі. Фото: Интернет желісінен
Төреғали Төреәлі өзін «даусы жоқ» деп сынаған тыңдармандарына жауап берді. НТК арнасының «Ревюныюс» бағдарламасына сұхбат берген әнші ондай сәттерді «өзін көре алмайтындар әдейі жасайды» деп ақталды.
«Жанды дауыспен айтып тұрған жерде, сол сенің микрофоннан жазылып жатқан даусың сақталады. Сосын оны алып, әдейі бұзуға болады. Ондай кездерді өз көзіммен көргенмін. Күнде айтып жүрген әніңді, түк айта алмайтын қылып жасап қояды»,- дейді әртіс.
Төреғали кейде көңіл-күйі болмай жатса, даусы шықпай қалатынын алға тартады.
«Әр кезде әртүрлі, бір кезде көңіл-күйің болмай тұрады, бір кезде даусың шықпай тұрады. Халық түсіністікпен қарайды ғой. Бірақ, жаңағындай нәрселер жасалғанда, кімге ақталып отырасың?!»,-деді ол.
Төреғали Төреәлі өзін көре алмайтын, өнерге құштары жоқ адамдардың құлағының құрышын қазан айында бес күн қатарынан жанды дауыста ән айтып, қандыратынын айтты.
KAZAKBOL.COM