Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Түркімен мектептерінде телефондардан порнография іздеп, қыздардың пәктігін тексерген

KAZAKBOL.COM

Түркіменстанның Дашоғыз қаласындағы мектептерде, тағы бірқатар аудан орталықтарында оқушы балалардың телефондарынан порнографиялық видео және фото іздеп, оқушы қыздарды гинекологиялық тексеруге жолдайды.

Түркіменстанның солтүстігіндегі облыста өткен аптада жергілікті білім беру мекемелерінің, ұлттық қауіпсіздік қызметінің, полицияның қызметкерлері және дәрігерлер алдын ала ескертусіз сабаққа келіп, жоғарғы сынып оқушыларының телефондарын жинап алған. Содан кейін ғана телефондардан мультимедиалық файлдарға тексеретінін айтқан.

Мұндай тексеру облыс әкімінің білім және мәдениет жөніндегі орынбасарының жүргізілген, деп хабарлады Азатлык дереккөзі.

«Тексеруге келгендер барлығымыздың телефондарымызды жинап алды. Олар не тексеретінін түсіндіріп жатпады. Бірақ кейін олар порнографиялық файлдар іздегенін айтты. Оқушылардың барлығынан дерлік мұндай файлдар табылды», — деді Дашоғыз облысы, Гурбансолтан ауданындағы орта мектеп оқушысы.

Оның айтуынша, порнографиялық файлдар табылған соң мобильді телефондарын алып қойып, мектеп оқушыларымен ата-аналармен бірге әңгімелескен.

«Жоғарғы сыныптағы қыздарды бір сызыққа тұрғызып қойып, мектеп медпунктінде тексерген. Пәктігі табылмаған қыздардың шешелерін шақырдып, бүкіл мектепке масқаралаған. Осы тексеруден соң мектеп директорын жұмыстан шығарды», — деді дереккөз.

Дашоғыз жергілікті әкімдігінің өкілдері Азатлык радиосына тексеру себептерін түсіндіруден бас тартты.

Бірақ аудандық полиция қызметкерінің айтуынша, мектеп жасындағы қыздардың жезөкшелікке салынуы жиілеп кетуіне байланысты осындай тексеру жүргізілген. «Тексеру осындай мәселемен күресу үшін жасалды», деді дереккөз.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM