Ахмет Айдын Қазақстанның латынға көшу туралы бастамасына сәттілік тіледі.
«Біздің елдеріміздің арасындағы тамыры терең қарым-қатынас өзара түсіністік негізінде дамып, стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтерілді. Маңызды мәселелер бойынша тұрақты түрдегі диалог, екі ел президенттерінің тығыз және достық қарым-қатынасы және жоғары деңгейдегі өзара іс-сапарлар барлық сала бойынша байланыстың дамуына ықпал етті. Қазақстанға биылғы жылы қыркүйекте жасаған ресми сапары барысында Түркия президенті Ердоған айтқандай, біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамытуға мүдделіміз», — деді Ахмет Айдын.
«Фетхуллах Гюленнің террористік ұйымының 15 маусымда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған әрекетінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып біздің елімізге келді. Осылайша ол біздің еліміз бен халқымызға қолдау көрсетті», — деп атап өтті ол.
«Латынға көшу жөніндегі шешімнің сәтті жүзеге асырылуына тілектеспіз. Бұдан бөлек, Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізуімен құттықтаймыз. Біздің еліміз көрмеге белсенді қатысты, біз үшін бұл зор құрмет болды», — деген Ахмет Айдын «түрік әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан еңбегін» атап өтіп, қазақстандықтарды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.