«Сомон Эйр» әуе компаниясы 6 тамызда Душанбе-Бұхара бағытында алғашқы рейсін атқарды. Осылайша Тәжікстан мен Өзбекстан арасында үшінші әуе жолы ашылды.
Душанбе-Бұхара әуе рейсінің құны — 485 сомони, немесе 51 доллар тұрады.
Тәжікстан әуе билігінің мәліметі бойынша, жақында Өзбекстан қалаларымен әуе байланыстары кеңейе түседі.
Тәжікстан астанасынан Бұхара қаласына 45 минутта ұшып баруға болады.
Бұның алдында, 28 маусымда, «Тәжік Эйр» әуе компаниясы Душанбе-Самарқанд бағытында жаңа рейсін ашты. Бұның алдында «Сомон Эйр» компаниясы Душанбе мен Ташкент арасында әуе байланысы орнатылды.
Автобус және әуе қатынасы Өзбекстан мен Тәжікстан арасында 1992 жылы тоқтап қалған еді. Оған Тәжікстанда азаматтық соғыстың басталуы себеп болды. Өткен жылдың сәуір айында екі ел астаналарында әуе қатынасы қайта жаңғырды.
KAZAKBOL.COM