Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ТАҢҒАЛДЫРАТЫН ЖӘНЕ ТӘМСАНДЫАРТЫН ШЫҒЫСТЫҢ САРБАЗДАРЫ (фото)

KAZAKBOL.COM

Әскери қызметшілердің беделі мен имджін көтеру, әскери спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты өз үлгісінде тәрбиелеу мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қоян-қолтық ұрыстан құрама командасы «каратэ» секциясының тәрбиеленушілерімен кездесті.

Әскери спорт әскери-кәсіптік қызметтің міндеттерін тиімді шешуге қабілетті, дені сау, дене бітімі дамыған, психологиялық тұрақты әскери қызметшіні даярлауға бағытталған кешенді жүйе болып табылады.

Армиялық қоян-қолтық ұрыс және киокушинкай каратэ жекпе-жектің байланысты түрлері екені сөзсіз анық және екеуінің арасында көптеген ұқсас тәсілдері бар екені рас, әрине, каратэ базасын білетін әскери қызметші армиялық қоян-қолтық ұрысқа қайта үйренуі өте тез болады, тек оның соққылық базасына, күрес техникасы мен ауырту тәсілдерін қосу қажет.

Сондықтан да оқушылар мен мектепке дейінгі балалар арасында армиялық спортты одан әрі дамыту және насихаттау мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының армиялық қоян-қолтық ұрыстан құрама командасы қаланың «Киокушинкай каратэ» спорт секциясының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында секцияның тәрбиеленушілері бұлшық еттерін қыздыру үшін бағытталған, «ката» жаттығуларын көрсетті және қатты заттарды дененің қорғалмаған бөліктерімен бөлуді білдіретін «тамэсивари» жаттығуын орындады.

Өз кезегінде өңірлік қолбасшылықтың спортшылары өздерінің дене қыздыру жаттығуларын көрсетті, белдесулер кезінде қандай тәсілдер қолданылатынын және жарақаттарды болдырмау үшін жарыс кезінде спортшылардың қалай жабдықталатынын көрсетті. Ең қызықтысы, әскери қызметшілер жаттығу спаррингін өткізді.

Соңында, әскери қызметшілер секцияның жас тәрбиеленушілеріне әскери қызметшілердің шлемдері мен кеудешелерін киіп, балалар арасында спарингтік жекпе-жек өткізуді ұсынды.

Спорт секциясының тәрбиеленушілері осындай ұсынысқа өте риза болды және әскери қоян-қолтық киімінің киімін киіп, қарсыластарымен спаринг жүргізу үшін екі қатарлы сапқа аз уақыт ішінде тұра қалды.

Кездесу соңында әскерилер балаларға спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз Отанының нағыз патриоты болуға кеңес берді.

Ал жас спортшылар көздерімен көріп, қолдарымен ұстап көрген әскерилерден ризашлығын қойындарына сыйғызалмай бір дауыстан «РАХМЕТ»деп айқайлап жіберді.

фото пресс-службы регионального командования «Восток»
фото пресс-службы регионального командования «Восток»
фото пресс-службы регионального командования «Восток»
фото пресс-службы регионального командования «Восток»
фото пресс-службы регионального командования «Восток»
фото пресс-службы регионального командования «Восток»
фото пресс-службы регионального командования «Восток»
фото пресс-службы регионального командования «Восток»
KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM