Саудасы қызып жатқан орындардың бірінде келушілердің сөмкесіндегі әмиянын ұрлап кеткен келіншекке іздеу салынды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.
Желіде тараған видеода белгісіз әйел азаматының сауда нүктесінде өзге бір келіншектің сөмкесінен әмиянын алып кеткен әрекетін көруге болады. Жәбірленуші бұл сәтте тауар қарап, алаңсыз тұрған. Видео бақылау камерасынан алынғаны анық көрініп тұр. Жәбірленуші бұл видео арқылы өзгелерді сақ болуға шақырып, ұрлық жасаған келіншек туралы қандай да ақпарат білетін адамдар болса, хабарласуын өтінген.
Айтпақшы, әмиянынан көз жазып қалған әйел бұл жағдай «Қарағаш» сауда орталығында болғанын мәлімдеген. Мұны көрген желідегілер базар жағалап, ұрлық жасап жүрген келіншектің әрекетіне жағасын ұстап, тіпті оның жазасын Алла береді деп пікірін жаудырды. Қолданушалырдың пікірінше, ұрлық жасаған әйел азаматы Талдықорған жұртшылығы үшін етене таныс, аты шулы қолының сұнағаны бар келіншек екенін алға тартты.
Подпиш