Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Талдықорғанда ата-анасы телефон ұстауға тыйым салған оқушы өзін өлтірді

KAZAKBOL.COM

Мектеп мұғалімдері қыздың тәртібі мен үлгерімі жақсы болғанын атап өтті.

Талдықорғандық оқушы ата-анасы ұялы телефон ұстауға тыйым салғаны үшін өзін өлтірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Трагедия қаңтардың 21-інен 22-сіне қараған түні болған, өз-өзіне қол жұмсаған 2005 жылы туған қыз қаладағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.

Суицид дерегін Талдықорған қалалық білім бөліміндегі мамандар растады.

«Шынымен де суицид жасалғанын растаймыз. Қыз ұялы телефонды күндіз-түні қолынан тастамағандықтан ата-анасы оған ескерту жасағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ол өзіне қол салған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр», — деп хабарлады Талдықорған әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Жаныс

.Қазіргі таңда облыс орталығының оқу орындарында психологтар мұндай трагедияның алдын алу мақсатында профилактикалық сипаттағы сабақтар өткізіп жатыр.

Жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері көз жұмған қыз құрдастары арасында тәртібімен және жақсы үлгерімімен ерекшеленгенін атап өтті.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM