Боксшының сүйіктісі Биа
Ұлыбританияның 22 жастағы тұрғыны Биа Ганнидес боксшы Амир ханмен бірге өткізген кештен кейін ауруханаға түскен. Қызғаншақ стюардесса кешке өзін шақырмағанына ашуланып, Бианы соққыға жыққан. Бір қызығы, Амир сүйіктісін қорғаудың орнына жұрттың назарына түспес үшін оқиға орнын тастап кеткен.
«Мен көзімнен айырылуым мүмкін еді, менің өмірімнің күл-талқаны шықты. Енді мен ешқашан клубқа бара алмаймын, тіпті операция жасалуы мүмкін», — дейді Биа Ганнидес.
Келесі күні боксшы сүйіктісіне кешірім хатын жолдаған. Бірақ ауруханаға бармай, Британияға ұшып кетеді.
Полиция қызметкерлері стюардессаға жазасын өтеу үшін 1000 дирхам (15 мың рубль ) көлемінде айыппұл салды.
KAZAKBOL.COM