2018 жылға нумерология саласының маманы да болжам жасады.
Елімізге танымал көріпкелдің бірі Бақыт Жұматова 2017 жылы Қазақстанның экономикалық дағдарыстан шыққанын айтты. 2018 жылға болжам жасаған ол ел халқын не күтіп тұрғанын баяндап берді. Бұл туралы “Еуразия” арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Орал қалалары өседі. Батыс Қазақстан жақсы көтеріледі”, – дейді Жұматова.
Сондай-ақ, биыл астаналықтардың арманы орындалып, көптен күткен көгілдір отын келеді. Бірақ Жаңа жылдың жайсыз тұстары да бар. Бізде емес жаҺанда, дейді танымал көріпкел. Жақын арада әлемге ортақ жаңа валюта шығады. Салмақты болжамның себебін Бақыт Жұматова былай деп түсіндірді:
“Америка ішінде соғыс болады. Оған Қытай, Жапония, Ресей кіреді. Сауд Арабиясының ішінде соғыс болады. Бірақ бізге Қазақстанға келмейді”, – дейді экстрасенс.
2018 жылға нумерология саласының маманы да болжам жасады. Нумерология бойынша келер жылы “жұмыла көтерген жүк жеңіл” болмақ. Адамдар үшін адалдықтың символына айналған ит жылында Қазақстанмен ынтымақтастыққа ықыласы бар елдердің қатары көбейеді. Ал, күйбең тіршілікпен көбіне ата-ана, бауыр, туған-туыс ұмыт қалып жатады. Сондықтан ит жылы жақындармен жақындаса түскен жөн.
“2018 жыл қос бірлікке түсіп тұр. Яғни, ол жұпты білдіреді, сондай-ақ, нәзіктік пен сезімге жақын келеді. Соған сәйкес, қариялар мен балаларға аса көңіл бөлу керек. Тек материалдық жағынан емес, мейрімділік пен жылылық сыйлаған абзал. Олай болмағанда, рухани тоқырауға ұшырауымыз мүмкін. Ал, жалпы бұл жыл маған ұнайды”, – дейді нумеролог Анар Аман.
KAZAKBOL.COM