Белгілі мәдениеттанушы Бердалы Оспан күні кеше қалаға келетін ауыл жастарының санына шектеу қою керек деген депутат Владимир Божконың ұсынысына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.
«Сонда ауыл жастары сонда қалып, қалаға келмеуі керек пе? Ауылда туылғандардың қалалықтардан несі кем? Ауылды жерлерде жоғары оқу орындары жоқ, сонда олар білім алмауы қажет пе?.. Ұлы адамдардың көбі ауылдан шыққанын ұмытпауымыз керек. Мәселен, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ұлы жазушы Мұхтар Әуезұлы, белгілі суретші Әбілхан Қастеев және тағы басқалары бар» деп жазды мәдениеттанушы желі парақшасында.
Сонымен қатар автор қазақстандық кез келген азамат қайда өмір сүргісі келсе, өз еркі екенін де атап өтті.
«Елордаға жақсы өмір іздеп келген жастарды немесе басқаларды бетіне баспау керек. Олар қайыр сұрау үшін келген жоқ. Олар жаңа астананы, жаңа елді соғып жатыр. Олар да жақсы өмір сүргісі келеді және оған кез келген қазақстандықтың құқы бар… Олар үшін жағдай барлық жерде жасалуы тиіс. Ал қазақстандық әрбір азамат ауылда тұрғысы келе ме, бәлкім қаланы таңдайды ма өзі шешім қабылдайды» деп ойын түйді Бердалы Оспан.