Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ташкентте бау-бақшаға зиян келгені үшін әкім мен прокурор қызметінен алынды

KAZAKBOL.COM

Президент тапсырмасы бойынша Ташкенттің Чилназар ауданының әкімі мен прокуроры қызметінен алынды. Жұмысына салғырт қарағаны үшін Ташкент қаласы әкімі Жахонгир Артыкхожаев мен қала прокуроры Улугбек Косимовқа сөгіс жарияланды.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Сардор Умурзаков 8 тамызда жиналыс өткізіп, Чилназар көшесіндегі бау-бақшаға зиян келгенін сынға алған.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындар бау-бақшадағы 100-ден астам талдың кесілуіне наразы болған.

Осының алдында Ташкенттің Чилназар көшесі жөнделіп, жол кеңейтілген. Сол маңдағы талдарды да кесіп тастаған.

Өзбекстанның Экология жөніндегі комитеті 9 еменнің тамырына қатты зиян келгенін, оларды сақтап қалу мүмкіндігі өте аз екенін мәлімдеген.

Қоғам наразылығынан соң Ташкент әкімдігі Чилназар көшесіндегі жобаны қайта қарап, 6 жолақ жолды 4 жолақ жолға дейін қысқартты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM