Ташкент прокуратурасы Яшнабад аудандық милициясы инспекторының үстінен бала зорлады деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.
Мәліметті тергеуге қатысы бар екі дереккөз растады. 14 жасқа толмаған баланы зорлады деп айыпталған қызметкер № 1 тергеу изоляторында отыр. Ішкі істер органдарының қызметкері «өз еркімен» жұмыстан кеткен деп хабарланды.
Адам зорлау қылмысы туралы жазған Nemolchi.uz жобасы белсенділерінің айтуынша, жәбірленушінің анасы жоба өкілдеріне хабарласып, 13 жастағы қызын милиция инспекторы зорлағанын айтқан.
«Қылмыс мамырдың аяғында болған. 13 жастағы қыз құрбыларымен бірге көшеде қыдырып жүрген уақытта олардың бір көршісі автокөлігіне мініп, бір досына қыдырып баруды ұсынған. Қыздар көршіні жақсы танитын болғандықтан автокөлікке отырған. Ол қыздарды жалға алынған саяжайға алып барған, сол жерде қызды оның әлгі досы зорлаған» деп жазды Nemolchi.uz.
Белсенділердің айтуынша, осы оқиғадан соң «қыздың мінезі тұйық болып, адамдардан өзін алшақ ұстай бастаған». Бірдеңеден сезіктенген ана құқық қорғау органдарына арыздандан.
Nemolchi.uz мәліметінше, арыз негізінде сот-медицина сараптамасы жасалып, қыз зорланғаны анықталған. Оқиғаның қалай болғаны тергеу барысында анықталған.
Алайда белсенділер әділетке жету оңай болмағанын, жәбірленушінің отбасы құқық қорғау органдары тарапынан қысым көргенін жазды.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, кейінгі жылдары Өзбекстанда кәмелет жасқа толмағандарды, әйелдерді зорлау қылмысы артқан.
KAZAKBOL.COM