7 қарашада Telegram мессенджерінде алғашқы ресми жарнамалар шыға бастады. Мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров жарнама беретінін алдын ала хабарлаған.
Көптеген ірі арналарда «sponsored» деп жазылған хабарламалар соңғы жазбалардан кейін шыға бастады.
Арналарды жүргізушілер нақты қандай жарнама пайда болғаны көрінбейтінін, оның сипатына әсер ете алмайтынан айтып жатыр.
Telegram мессенджері ресми жарнамаларды 4 қарашада сынап көрген.
Павел Дуровтың айтуынша, жарнамалар жазылушылары мың адамнан асатын ірі телеграм-арналарда ғана пайда болады. Жарнама материалдары чаттар мен топтарда шықпайды. Қолданушылар Telegram’дағы жарнаманы өшіре алады.
KAZAKBOL.COM