Көрнекі фото: ru.wikipedia.org
Ресейдің Тула облысында селфи жасаймын деген оқушы қаза болды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ресейдің Тула облысы Щекинск ауданында оқушы көпірге шығып, селфи жасауға әрекеттенген.
«11 жастағы оқушы теміржолдың үстінен өтетін көпірге шығып, селфи жасамақшы болады. Тергеу нәтижесі көрсеткендей, бала көпірдің темірден жасалған тұсына шыққан уақытта тоқ өткізетін сымдарға ұрынып, қайтыс болған», — деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.
Тергеушілер анықтағандай, осы оқиға болған кезде оқушы мектептегі сабағында отыруы тиіс болған.
KAZAKBOL.COM