Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Тікелей эфирді соғысқа қарсы акциямен үзген редактор Марина Овсянникова немістің Die Welt басылымына ауысты

KAZAKBOL.COM

Ресейдің «Бірінші арнасының» бұрынғы редакторы, «Время» бағдарламасының тікелей эфирінде соғысқа қарсы акция өткізген Марина Овсянникованы немістің Die Welt басылымы жұмысқа қабылдады.

Ол мұнан былай газетке колонка жазып, Ресей мен Украина туралы жаңалық дайындауға қатысады.

Die Welt журналистің алғашқы колонкасын жариялады, онда Овсянникова соғысқа қарсы акциясы үшін қудаланғанын, автокөлігінің доңғалағын тесіп, фитнес-клубтағы картасын бұғаттап тастағанын айтады.

Алайда Марина Овсянникованың Ресейден кеткен, кетпегені белгісіз. Бұрын ол қанша қауіпті болса да Ресейде қалатынын айтқан болатын.

Осы қарсаңда Ресей Мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин «Украинадағы арнаулы әскери операцияны қолдамайтын сатқындарды Ресей азаматтығынына айыру керек» деп мәлімдеді.

«Олар бейбітшілік үшін күресіп жүрген адам секілді мәлімдеме жасайды, шындығына келгенде бәрі де НАТО елдерінің біреуінің ойластырған қойылымы боп шығады, рөл ойнаған әртістер Мемлектетік департаменттің тәттісін жейді», — деп телеграм-арнасына жазған Володин мысал ретінде Марина Овсяникованы келтірген. Володиннің ойынша, «Бірінші арнаның» бұрынғы редакторы «мұнан былай НАТО елдерінің біріне жұмыс істеп», «украин неоұлтшылдарына қару-жарақ беріп жатқанын, Ресей солдаттары мен офицерлеріне қарсы жалдамалылардың соғысқанын ақтайтын болады».

14 наурызда «Время» бағдарламасының тікелей эфирінде сөйлеп отырған диктордың артына редактор Марина Овсянникова шығып алып, «Соғысты тоқтатыңдар. Пропагандаға сенбеңдер. Бұл жерде өтірік айтады» деген жазуы бар плакат ұстап тұрған. Ол сәтте диктор Екатерина Андреева Батыс санкциясының салдарын жеңілдетуге арналған Ресей үкіметінің жоспары жайлы баяндап отыр еді.

Мұнан өзге Овсянникова Ресейдің Украинаға агрессиясын тоқтатуға шақыратын видеоүндеуін әлеуметтік желіге де жариялаған. Осыдан кейін Овсянникованы полиция әкетіп, заңсыз акцияға шақырғаны үшін 30 мың рубль (162 600 теңге — ред.) айыппұл салған. Ресей Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің «Ресей Қарулы күштері туралы қасақана жалған ақпарат тарату» деп аталатын жаңа бабы бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Бұл бапта «жалған ақпарат таратқандардың» 3 жылдан 15 жылға дейін жазаға тартылатыны көрсетілген.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM