Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев әлеуметтік желіні реттеу туралы даулы заң жобасына қол қойды

KAZAKBOL.COM

3 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды. Бұл заңға сәйкес, билік мессенджерлер мен әлеуметтік желі иелерінен балаларға кибербуллинг деп танылған контентті алып тастауды талап ете алады.

20 сәуірде мәжіліс заң жобасына сенат енгізген өзгерістермен келіскен.

Ол кезде сенат кибербуллингті анықтау үшін сарапшылар комиссиясын құру және кибербуллинг деп танылған материалды алып тастау мәселелерін нақтылайтын өзгерістер қосқан. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жобадан ақпарат министрлігінің интернет-ресурстарға, әлеуметтік желі мен мессенджерлерге өз бетінше шектеу қойып, жұмысын тоқтатуына мүмкіндік беретін «кең өкілеті» жойылғанын айтқан.

Сыншылардың айтуынша, былтыр қыркүйекте билік партиясы атынан сайланған депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева ұсынған заң жобасы биліктің қолына цензураның жаңа құралдарын береді. Заң жобасы авторлары болса, бұл өзгеріс баланы кибербуллингтен қорғауға, «қауіпті контенттің» таралуымен күреске қарсы бағытталған деп сендірген.

Медиа өкілдері заң жобасын әлі де жетілдіру керек деген пікір айтты. Жаңа өзгерістерге қарсылық білдірген жұрт петицияға қол жинап, митингілер өткізді.

Заң жобасын парламент мақұлдағаннан кейін де оның қабылдануына қарсы жұрт күресін жалғастырды.

23 сәуірде Алматыда әлеуметтік желілерді реттеу туралы заң жобасына қарсы рұқсат етілген митинг өтті. Жиынға отыз шақты адам жиналды. Шараға қатысушылар президентті вето құқығын пайдаланып, заң жобасын кері қайтаруға үндеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM