Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев «Аманат» партиясынан шығатынын жариялап, төрағалықтан бас тартты

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 сәуірде «Аманат» (бұрынғы «Нұр Отан» партиясы) съезінде партиядан шығатынын және төрағалығынан бас тартатынын мәлімдеді.

Ол мұны өзі бастамашыл болып өзгертіп жатқан Конституциядағы өзгерістермен байланыстырды. Тоқаев партия төрағалығын мәжіліс спикері Ерлан Қошановқа тапсыратынын айтты.

Бұған қоса, съезде билікшіл «Адал» партиясы «Аманатқа» қосылатынын жариялады.

Мәжілістегі басым орынға ие «Аманат» партиясына кейінгі жылдары қоғамда сын күшейген. Кемі 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасынан соң партияның саяси кеңес құрамы, саяси бюро мүшелері ауысып, атауы «Нұр Отаннан» «Аманатқа» ауысқан еді.

28 қаңтарда партия съезінде елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағалығын қазіргі президент Тоқаевқа тапсырған еді. Сол съезде Тоқаев ел президенті партия мүшелігінде және төрағалығында болмау керегін айтып, түбі төрағалықты өткізіп беретінін жеткізген.

«Нұр Отан» бастапқыда 1999 жылы «Отан» деген атпен құрылған. 2006 жылы желтоқсанда атауы «Нұр Отан» болып өзгертілген еді. Елді 30 жылдай басқарған Назарбаев бұл партияның ұзақ жылдар бойы төрағасы болып келген. 2019 жылы наурызда Назарбаев президенттіктен кеткенімен, партия төрағасы ретінде билікке ықпал етіп келген еді.

Сарапшылар Қаңтар оқиғасынан соң Назарбаевтың билікке ықпалын әлсіреді, ал Тоқаевтың билігі күшейді дейді. Қаңтар қырғынында ескертусіз оқ атуға бұйрық берген Тоқаев қанды оқиғадан соң елде саяси және әлеуметтік реформа жасауға уәде еткен еді. Ал сарапшылар Қаңтар оқиғасынан төрт ай өтсе де елде айтарлықтай саяси және әлеуметтік реформа болған жоқ деп санайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM