Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 мамырда Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде «екі елдің арасындағы саяси және сауда-экономикалық қарым-қатыстың жүзеге асуына көңіл қалатындай негіз жоқ» деді.
«Ресей Қазақстан үшін сауда-экономикалық салада негізгі әріптес болып қала береді. Сол себептен мен біздің үкіметке қазіргі геосаяси жағдайға байланысты қиындықтарға қарамастан, сауда, инвестиция деңгейін сақтап ғана қоймай, әрі қарай дамытуды тапсырып отырмын», — деген қазақ президенті.
Оның мәліметінше, екі ел арасындағы сауда айналымы 25 млрд долларға жеткен.
Ресей президенті сөзінде ресейлік компаниялар Қазақстанға 17 млрд доллар инвестиция жасағанын айтқан.
Дүйсенбі күні өткен Ұжымдық қауіпсіздік келісім шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті кезінде Путин «ҰҚШҰ күші Қазақстанда билікті экстремизмдердің басып алуынан сақтады» деп мәлімдеді.
Ресей Қазақстанға ықпал етіп ғана қоймай, тауарын сатушы ретінде қарайды. Екі ел шекарасының қашықтығы — жеті жарым мың шақырым. Бұл — әлемдегі ең үлкен құрлық шекарасы.
KAZAKBOL.COM