Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев Түркияда Ресейді айналып өтетін көлік бағытының мүмкіндігін айтты

KAZAKBOL.COM

Анкарада мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен «стратегиялық әріптестікті кеңейту» жөніндегі келісімге қол қойғанын мәлімдеді.

Екіжақты келіссөзден кейін Тоқаев пен Ердоған ынтымақтастықты бекіту жөніндегі 14 бірдей келісімге қол қойған.

Ердоған Тоқаевпен кездесу кезінде Ресейдің Украинаға ашқан соғысы сөз болғанын жеткізді. «Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтай отырып жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі көзқарасымыз сәйкес келді», — деп Түркия президентінің сөздеріне сілтеме келтіреді Daily Sabah басылымы.

Ресейдің әскери агрессиясын айыптамаған Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын сыйлайтынын, Донбасстағы жікшілдерді мойындамайтынын жеткізген. Нұр-Сұлтан Украинаға бірнеше рет гуманитарлық көмек жіберді. Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктері Ресейге Батыс енгізген санкциялардан айналып өтуге көмектеспейтінін мәлімдеген.

Бірқатар сарапшылар соңғы кезде Орталық Азияда белсенді болып жатқан Түркия қазіргі жағдайды пайдаланып, түркітілдес елдерге ықпалын жүргізуге талпынып жатыр дейді.

Тараптар сауда айналымын екі есеге көбейтуге ниетті екенін мәлімдеді. Былтыр Түркия Қазақстанның сыртқы сауда әріптесінің алғашқы бестігіне енген. Тоқаев бұл сапарында бір млрд доллар сауда келісіміне қол қойылатынын жеткізген.

«Біз түрік халқы Қазақстанға үнемі кеңпейілді әрі ашық екенін жақсы білеміз. Біз мұны үнемі сезінеміз. Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, әскери-техникалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Әсіресе екі ел үшін Транскаспий халықаралық көлік бағыттарын қолдану маңызды», — деді Тоқаев келіссөзден кейін.

Ол бұл дәліз арқылы Ресейді айналып өтіп, Қытайдан бірден Еуропаға баруға болатынын айтты. Аталған көлік дәлізі Қазақстанның Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Грузия, Түркия, әрі қарай Еуропаға жол ашады.

Қытай сәуір айында Қазақстан арқылы Ресейден айналып өтіп, Еуропаға баратын теміржол бағытын ашқан.

Ердоған сөзінде Қазақстан түркі халқының тарихи отаны екенін, ал Түркия қазақстандықтардың екінші үйі екенін айтқан.

«Біз қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік аламыз», — деді түрік президенті.

Тоқаев сапары екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына арналған. Қазақстан тәуелсіздігін ең бірінші мойындаған ел Түркия болды әрі Анкара 1992 жылы бірінші болып дипломатиялық миссиясын ашты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM