Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін атасы Ташкентке алып кетті

KAZAKBOL.COM

Тоңазытқыштан табылған сәбилердің денесін Ташкенттен келген атасы алып кетті. Ал олардың ағасы 3 жасар Рамиль әлі дәрігерлердің бақылауында. Оны да алып кету үшін қария атасы екенін құжат жүзінде растап беруі керек.

Қайтыс болған егіз сәби, Рамиль және әкелері мен атасы. Фото: туысқандарының жеке мұрағаты

Рамильдің денсаулығының дұрыстығына әбден көз жеткен соң ол қорғаншылық және қамқоршылық органына тапсырылады. Сөйтіп, балалар үйіне өткізілмек.

Айта кетсек, бүлдіршін он күн бұрын Алматыда далада қаңғып жүрген жерінен табылған болатын. Анықтай келгенде, ол тоңазытқыштан өлі күйінде табылған егіз сәбидің ағасы болып шықты.

Ал, ағайынды сәбилер қыркүйектің жетісінде өлтірілген.

Ата-анасы оның алдында пәтер иесімен бірге арақ ішіпті. Сол кезде балалардан құтылмаққа келіскен. Сөйтіп, Анна Волченко үлкен ұлы Рамильмен бірге қыдыруға кеткенде Эмиль Гильмутдинов оңашада жазықсыз балаларды өз қолымен тұншықтырып өлтіріпті.

Сөйтіп, мәйіттерін тоңазытқышқа тығып тастаған болатын.

«Атасы өзінің туысқандығын дәлелдемеді. Дәлелдеген уақытта біздің Қазақстан Республикасының заңына байланысты Өзбекстаннан қажетті құжаттарды алып келеді. Содан кейін барып, баланың құжаттарын тапсырған уақыттан кейін бұнымен шұғылданады», — Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы.

КТК арнасы

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM