Бағлан, Айдана мен Айтуған. Фото: Instagram
Жас жұбайлардың суретін Instagram парақшасында әнші Бағлан Әбдірайымов жариялаған.
«Кезінде мен үйленгенде суретке түсіріп қызмет жасап еді. Бүгін міне менің де қызметім өтті. Бүгінгі интернеттің “гүлі” болған осы жастар. Ол – бай емес, ол – байдың баласы емес, ол – қарапайым суретке түсіретін, идеясы мықты жігіт! Вертолётпен “гулянка” жасап жүрген осы ғой! Алла бақтарыңды ашсын, Айтуған!», – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.
Еске салсақ, Шымкент-Ташкент тас жолында тікұшақ бастап бара жатқан үлкен той кортежі желіні шулатқан. Кейіннен ол кортежді шымкенттік полицейдің өзі бастап жүргенін жазған болатынбыз.
KAZAKBOL.COM