Түркияның Сириядағы әскери операциясы басталған күні — 9 қазанда — АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Ердоғанға хат жазған. Автор түрік президентін «ақымақ, өзімшіл болмауға» шақырған.
White House confirms authenticity of Trump letter to Erdogan, dated 10/9: “History… will look upon you forever as the devil if good things don’t happen. Don’t be a tough guy. Don’t be a fool! I will call you later.”
First reported by Fox Business. pic.twitter.com/lImxfhb2j1— Peter Alexander (@PeterAlexander) October 16, 2019
Хатты CNN телеарнасы жариялады. Трамп Ердоғаннан Сириядағы күрдтермен тиімді келісім жасауын сұраған. Бұған қоса Трамп Түркия әскері Сирияға басып кірген жағдайда, мыңдаған адамның өліміне Ердоған жауап болатынын ескерткен. АҚШ президенті санкциялар арқылы түрік экономикасын «талқандайтынын» жазған.
Хат шынымен Трамп жазғанын Ақ үй өкілі растады.
Түркия 9 қазанда Сирияның күрдтер бақылауда ұстап отырған аймағына басып кірді. Күрдтер Сирия үкіметінен көмек сұрады.
15 қазанда АҚШ Түркияға санкция енгізді. АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин экономикалық қысым күшейе түсетінін мәлімдеді.
17 қазанда АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен мемлекеттік хатшы Майк Помпео Түркия президенті Ердоғанмен кездеседі.
KAZAKBOL.COM

